Шымкент қаласының Таскен шағын ауданында өрт сөндірушілер, жедел медициналық жәрдем бригадасы және полиция қызметкерлері бір шатырдың астына топтастырылған жаңа әмбебап жедел әрекет ету орталығы жұмысын бастады. Нысанның жұмысына ҚР ТЖ министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов бастамашы болды. Ашылу салтанатына сондай-ақ қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, азаматтық қорғау ардагерлері және салалық қызметтердің өкілдері қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.


Жаңа кешен қаланың қауіпсіздігін күшейтудің маңызды элементіне айналды. Жедел қызметтердің бір жерде орналасуы алғашқы қоңыраудан бастап көмек көрсетуге дейінгі барлық әрекеттерді бірыңғай алгоритмге келтіретін түбегейлі жаңа жағдай жасайды. Бұл оқиға орнына жету уақытын едәуір қысқартуға және халыққа көрсетілетін көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Мұнда жаңа №10 өрт сөндіру бөлімі, полиция бөлімшесі және жедел жәрдем бригадасы орналасқан. Кешенде қызметтік кабинеттер, ГТҚҚ бекеті, оқу сыныбы, асхана, оқу мұнарасы және спорт алаңы қарастырылған. Техникаға арналған екі автомобильдік гараж бен арнайы орындармен жабдықталған.

Жаңа кешеннің жедел қызмет көрсету аймағына Таскен шағын ауанының 14 мыңнан астам тұрғыны кіреді. Нысанның ашылуы Шымкентте әрбір азаматтың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған заманауи әрі интеграцияланған жедел әрекет ету жүйесін қалыптастыру бойынша жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстың дәлелі болып табылады.