2025 жылғы 9 желтоқсанда ҰҚК ҚР Бас прокуратурасының үйлестіруімен Германияның Федералды қылмыстық полициясымен бірлесе киберқылмыстық әрекетті тоқтату бойынша жедел іс-шараларды жүзеге асырды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Осылайша, Алматы облысында Қазақстан азаматының банк шоттары мен жеке деректеріне компьютерлік технологияларды пайдалана отырып,заңсыз қол жеткізген деген күдікпен анықталып, ұсталды.
Оның қызметіне келтірілген залал алдын ала болжам бойынша бірнеше жүз мың еуроны құрайды.
Тінту нәтижесінде техникалық деректер сақтау құрылғылары мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Тергеу іс-шаралары жалғасуда.