Қазақстанда корпоративтік несиелендіру тұрақты өсім көрсетуде

1012
Фотосурет: Gov

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ұлттық Банкпен бірлесіп макропруденциялық сипаттағы шараларды жетілдіру мәселелері бойынша екінші деңгейдегі банктердің басшыларымен кездесу өткізді, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің экономикаға кредит беруін ынталандыру шараларын талқылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу барысында соңғы жылдары бизнеске берілетін кредиттер көлемі орнықты өсуді көрсетіп отырғаны атап өтілді: 2022 жылы – 9,6 трлн теңге, 2023 жылы – 11,2 трлн теңге, 2024 жылы – 13,1 трлн теңге,
2025 жылғы қазанда – 14,9 трлн теңге.

Банк секторы активтерінің сапасын тұрақты бағалау (AQR) нәтижелеріне сәйкес бүгінгі күні қарыз алушылардың қаржылық жағдайы, корпоративтік кредит беруді ұлғайту үшін банктердің өтімділігі мен капиталы бойынша айтарлықтай қор бар.

Агенттік «Қазақстан Даму Банкі», «Даму» және Аграрлық несие корпорациясының қатысуымен екінші деңгейдегі банктердің, оның ішінде ірі бизнес, ШОБ және ауыл шаруашылығы бойынша бөле отырып, корпоративтік кредит беруін ынталандыру жөнінде нақты шаралар ұсынды. Банктердің капиталын босату үшін Агенттік макропруденциялық сипаттағы бірқатар шаралар қабылдады.

Кездесу барысында корпоративтік банкроттық рәсімдерін жетілдіру мәселелері де қаралды. Банктер туралы жаңа заң жобасы шеңберінде депутаттар банкроттық рәсімдерін жеделдетуге, кепілді кредиторларды қорғауға, қасақана банкроттық пен теріс пайдаланушылықтың алдын алуға, кредиторлардың өтініштерін қарау мерзімдерін қысқартуға және т.б. бағытталған түзетулер әзірледі.

Кездесуге қатысушылар екінші деңгейдегі банктердің корпоративтік кредит беруін кеңейту үшін тиімді тәсілдерді әзірлеу бойынша одан әрі талқылауды жалғастырады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -