Әскери қызметшілердің практикалық даярлығы әскери бөлімдерде өтуде

1133
Фотосурет: Gov

Қарулы күштерде әскери қызметшілерді мамандық бойынша дайындау басталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Әскери бөлімдер мен бөлімшелерде механик-жүргізуші, көздеуші-оператор, пулеметші, граната атқыш және басқа да әскери есептік мамандықтар бойынша оқу топтары құрылды.

Мамандықты терең зерделеу үшін оқу-материалдық база нысандары дайындалып, әскери техника мен оқ-дәрілер бөлінді. Сабақты тәжірибелі командирлер мен сержант-нұсқаушылар жүргізуде.

Мамандық бойынша дайындық кезеңінің басталуына орай Райымбек батыр атындағы Алматы десанттық-шабуылдау бригадасына Қарулы күштердің Сержанттар құрамымен жұмыс жөніндегі басқарма бастығы шебер-сержант Темірбек Халықов келді.

Ол оқу үдерісінің ұйымдастырылуын және әскери қызметшілердің қажетті дағдыларды меңгеру деңгейін тексеру барысында ЗУ-23-2 қондырғысының тактикалық-техникалық сипаттамаларын үздік меңгергені үшін әуе шабуылына қарсы қорғаныс батареясы зениттік-артиллериялық взводының есептобына қарасты қатардағы жауынгер Олжас Дүйсенбайға алғыс жариялады.

Шебер-сержант Темірбек Халықовтың айтуынша, оқытуды ұйымдастыру мақсатында бес мыңнан астам сержант-нұсқаушы дайындалған.

Сабақтар негізінен тәжірибелік бағытта өтіп, жаттығу, топтық дайындық және практикалық тапсырмалар орындау әдістері кеңінен қолданылады.

"Дайындықтың соңғы кезеңінде әрбір әскери қызметші оқу бағдарламасын толық меңгеруге, атқарып жүрген лауазымына сәйкес қызметтік және арнайы міндеттерді білуге, сондай-ақ белгіленген стандарттар бойынша сынақтардан өтуге тиіс" Темірбек Халықов

Жауынгерлік дайындықтың келесі кезеңі – бөлімшелердің үйлесімділігін арттыру. Бұл кезеңде бөлімдер, экипаждар мен есептоптар құрамында бірлескен іс-қимылдарды орындау арқылы жауынгерлік тапсырмаларды пысықтау көзделген.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -