Қазақстан ТЖМ қолайсыз ауа райында қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады

2453
Фотосурет: ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Қазақстан ТЖМ азаматтарды сақтық шараларын сақтауға, дауылды ескертулерді қадағалауға және қолайсыз ауа райы жағдайында алыс сапарларға шықпауға шақырады. Ауыл тұрғындарына ауа-райының нашарлауы жағдайында ұзақ серуендеуден бас тарту ұсынылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

  Ауа-райының нашарлауы туралы дауылды ескертулер мен автожолдардың жабылуы туралы хабарламалар СМС-хабарламалар, интернет-ресурстары және әлеуметтік желілері арқылы халыққа жеткізіледі. 

  Төтенше жағдайлар министрлігі халықтың назарын қысқы кезеңде әлі қатпаған мұзға шығу қаупі туралы ескертеді және су айдындарында болған кезде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ұсынады.

  Қысқы кезеңдегітөтенше жағдайларға жедел ден қою мақсатында 44 мыңнан астам адам және 14 мыңнан астам техника бар күштермен құралдар тобы дайындалды. 

  Ел өңірлерінде 1 681жылыту пункті дайындалды. Сонымен қатар ТЖМ 40 трассалық медициналық-құтқару  пункттері жылыту пункттері ретінде пайдаланылатын болады. 

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -