Жаңартылған Ұлттық біліктілік шеңбері салалық сарапшыларға таныстырылды

1727
Фотосурет: Gov

Салалық біліктілік жүйелерін дамытуға арналған бірқатар кеңестер мен тренингтер өтті. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі салалық кеңестердің жаңартылған жұмыс моделін таныстырды. Ал мұнай-газ саласындағы салалық біліктілік кеңесінің төрағасы, «KAZENERGY» қауымдастығының атқарушы директоры Л.Ж. Ахмурзина Энергетика министрлігі мен салалық сарапшылардың қатысуымен қосымша жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қатысушыларға Ұлттық біліктілік шеңберінің жаңартылған нұсқасы, ҰБЖ-ның өтпелі архитектурасы элементтері, сондай-ақ цифрлық құралдар – дағдылар банкі, кәсіби стандарттардың жасанды интеллект негізіндегі конфигураторы және Career Enbek платформасының жаңартылған функциялары таныстырылды.

Екі күн бойы жүргізілген жұмыстар энергетика саласындағы біліктілік жүйесін дамыту векторын үздіксіз үйлестіруге және тиімді ілгерілетуге мүмкіндік берді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -