Абай мен ШҚО-да жол қозғалысына шектеу қойылатыны туралы жүргізушілерге хабарланды

1232
Фотосурет: QazAvtoJol

Алматы – Талдықорған – Өскемен тасжолында қозғалыс шектелді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Абай облысында:

2025 жылғы 15 желтоқсан күні сағат 08:00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонайха – РФ шекарасы» автожолының 971–1013 шақырым аралығында (Қалбатау ауылы – Шығыс Қазақстан облысының шекарасы) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі.
Жолды ашудың болжамды уақыты – 2025 жылғы 15 желтоқсан, сағат 13:00.

Шығыс Қазақстан облысында:

2025 жылғы 15 желтоқсан күні сағат 08:00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонайха – РФ шекарасы» автожолының 1013–1062 шақырым аралығында (Абай облысының шекарасы – «Рубеж» бекеті) көліктің барлық түрі үшін қозғалыс уақытша шектеледі.
Жолды ашудың болжамды уақыты – 2025 жылғы 15 желтоқсан, сағат 13:00.

Қосымша ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығына хабарласу арқылы алуға болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -