Дропперлер мен дипфейктер: Астана мектеп оқушыларына жаңа қауіптер туралы айтылды

1452
Фотосурет: Gov

«Заң және тәртіп» қағидаты аясында Қаржылық мониторинг агенттігінің Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің Астана қаласы бойынша қызметкерлері мектеп оқушылары мен еңбек ұжымдарына арналған қаржылық және цифрлық қауіпсіздік бойынша дәрістер өткізіп жатыр, деп хабарлайды DKNews.kz.

Осындай кезекті іс-шара Астана қаласы әкімдігінің №60 мектеп-лицейінде өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Дәріске №60 мектеп-лицейінің 10-11 сыныптарында оқитын 350 оқушы қатысты.

Іс-шараның мақсаты – цифрлық гигиенаның негізгі қағидаларын түсіндіру, қаржылық алаяқтықтан қорғанудың жаңа тәсілдерімен таныстыру, сондай-ақ дропперлік схемалардың алдын алу.

Дәріс барысында Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға жедел уәкілі Нұрғали Аязов цифрлық қауіпсіздікті сақтаудың маңыздылығы, интернет-алаяқтықтан қорғану жолдары, дипфейктер, жеке деректерді қорғау және дропперлер туралы жан-жақты түсіндірді.

Кездесу барысында оқушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, оларға нақты жауаптар мен практикалық кеңестер берілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -