Қызылорда дәрігерлері үш науқасқа бүйрек трансплантациясы бойынша операцияларды сәтті жүргізді

1122
Фотосурет: Gov

Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханада үш науқасқа бүйрек трансплантациясы сәтті жасалды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Алғашқы трансплантация 41 жастағы әйел адамға жасалды. Реципиенттің ағасы донор болып, бүйрегін берді.

Екінші трансплантация 20 жастағы жігітке жасалды. Бұл жағдайда донор ретінде науқастың 54 жастағы анасы қатысты.

Ал үшінші ота 43 жастағы әйел адамға жасалды. Науқастың жұбайы донор болып, бүйрегін берді.

Трансплантацияны Қызылорда облыстық көпбейінді облыстық ауруханасының бас дәрігері, трансплантолог, PhD,
Жасұлан Баймаханов, бас дәрігердің хирургия жөніндегі орынбасары, PhD Ербол Серікұлы және «А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ-ның трансплантологтар Ернұр Белгібаев, Елшат Нәбиевтің командасымен бірлесіп жасады.

Ота сәтті өтті. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы орташа ауыр, тиісті ем қабылдап жатыр.

Айта кету керек, бұған дейін ауруханада 8 рет  бүйрек, 1 бауыр алмастыру отасы сәтті жасалды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -