«Арай» жаңа қосалқы станциясы Астананың 80 мыңнан астам тұрғынын электр энергиясымен қамтамасыз етті

913
Фотосурет: Gov

Астанада «Арай» атты жаңа төмендеткіш қосалқы станция пайдалануға берілді. Шараға ҚР Энергетика министрлігі, қала әкімдігі, қоғам өкілдері мен БАҚ қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жаңа қосалқы станция электр энергетикасы саласындағы заманауи техникалық шешімдер негізінде салынған. Жоба аясында жалпы қуаты 80 МВА болатын 110/20 кВ екі күштік трансформатор орнатылып, ұзындығы 11 км-ден асатын 110 кВ жоғары кернеулі кабель желілері тартылды.

Жобаны іске асыру нәтижесінде болашағы зор құрылыс ауданында орналасқан 80 мыңнан астам тұрғын, сондай-ақ мектептер, балабақшалар, ауруханалар сияқты әлеуметтік нысандар және Тұран даңғылының батысындағы, Ұлы Дала даңғылы бойындағы аумақ сенімді әрі сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілді.

«Арай» қосалқы станциясының жобасы — елорданың энергетикалық инфрақұрылымын дамыту стратегиясының маңызды бөлігі болып табылады. Ол электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға, қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға және Астананың туристік әлеуетін дамытуға бағытталған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -