Тоқаев энергетика саласы қызметкерлерінің еңбегін жоғары бағалады

1023
Фотосурет: Akorda

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдің энергетика саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін бір топ азаматқа Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын табыстап, олардың кәсібилігін, жанқиярлық еңбегін және энергетиктердің экономиканың орнықты дамуы мен азаматтардың әл-ауқатын қамтамасыз етудегі шешуші рөлін атап өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

2025 жылғы 17 желтоқсандағы Жарлықпен марапатталғандар:

«Отан» орденімен

  • Әбітаев Есберген Әбітайұлы – еңбек ардагері, Алматы қаласы;

«Парасат» орденімен

  • Атақұлов Ермаханбет Тиллабекұлы – «KEGOC» АҚ басқарушы директоры, Астана қаласы
  • Сүлейменов Серік Жүсіпұлы – «Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі, Қызылорда облысы;

«Құрмет» орденімен

  • Асрепов Миржан Ғұмарұлы – еңбек ардагері, Астана қаласы
  • Бузав Әбжәлі Мәуленұлы – «Жылу» МҚК шебері, Түркістан облысы
  • Қожин Мұрат Қабиденұлы – еңбек ардагері, Ақмола облысы
  • Нұрмұханбетов Ержан Әбитайұлы – «Талдықорған акционерлік электр жүйелерін тасымалдау компаниясы» АҚ аға диспетчері, Жетісу облысы
  • Рау Владимир Александрович – еңбек ардагері, Павлодар облысы
  • Хван Александр Федорович – еңбек ардагері, Маңғыстау облысы;

ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен

  • Вашкель Иван Вацлавович – «КЕGОС» АҚ «Ақмола жүйералық электр желілері» филиалы Петропавл АЭЖ «Мүсірепов» 220кВ-КС электр слесары, Солтүстік Қазақстан облысы
  • Есжанов Амандық Оразғалиұлы – «МАЭК» ЖШС 1-ЖЭО слесары-жөндеушісі, Маңғыстау облысы
  • Жамалақов Қанатбек Ерділдаұлы  – «Жамбыл электр желілері» ЖШС Мойынқұм АЭЖ шебері, Жамбыл облысы
  • Колесников Сергей Викторович – «Текелі энергокешені» ЖШС электр слесары, Жетісу облысы
  • Сейсекенов Қайырғали Жұмаұлы – «Батыс Қазақстан өңірлік электржелілік компаниясы» ЖШС жүргізушісі, Батыс Қазақстан облысы
  • Ысқақ Айтжан Бахытжанұлы – «Энергосистема» ЖШС кабелшісі-көлік жүргізушісі, Ақтөбе облысы;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен

  • Азанғұлов Қуаныш Орынбайұлы – «Өскемен ЖЭО» ЖШС слесары, Шығыс Қазақстан облысы
  • Ақбаев Жандарбек Садырұлы – «СКЗ-U» ЖШС электр монтері, Қызылорда облысы
  • Бекмағанбетов Фазылбек Қайлыұлы – «KEGOC» АҚ 220кВ КС электр слесары, Қостанай облысы
  • Бернгардт Ольга Владимировна – «Қарағанды Жарық» ЖШС Бұқар Жырау АЭЖ кіші станциясының шебері
  • Волков Дмитрий Геннадьевич – «Петропавл жылу жүйелері» ЖШС №1 желілік ауданының электрмен және газбен дәнекерлеушісі, Солтүстік Қазақстан облысы
  • Гибадулин Равиль Сибагатуллович – «Астана-Энергия» АҚ қазандықтарының машинисі, Астана қаласы
  • Елеманова Әлия Аликқызы – «Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ профессоры, Алматы қаласы
  • Калинина Татьяна Васильевна – «Kazakhmys Energy» ЖШС «Топар бас тарату энергостанциясы» ЖШС бу турбиналарының машинисі, Қарағанды облысы
  • Кенжеев Абдуәли Бұрханұлы – «Шардара СЭС» АҚ гидротехникалық жабдықтарын қараушысы, Түркістан облысы
  • Қапез Ерқанат Жандарбекұлы – «Еуразия энергетикалық корпорациясы» АҚ тепловоз машинисі, Павлодар облысы
  • Қаратаев Болатбек Жәнібекұлы – «ҚызылордаЖылуЭлектрОрталығы» МКК операторы
  • Мелентьев Андрей Иванович – «Шығыс Жылу» АҚ Үлбі АЭЖ электрмен және газбен дәнекерлеушісі, Шығыс Қазақстан облысы
  • Темникова Евгения Геннадьевна – «Талғар Жылу» МКК бас инженері, Алматы облысы.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -