Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы практикаға халықаралық тәжірибе енгізілуде

1265
Фотосурет: Akorda

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жиында Экономикалық ынтымақтастық  және  даму ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Ыстанбұл жоспарына сәйкес мониторинг жүргізудің 5-ші раунды аясында атқарылған жұмыстар талқыланды.

Отырыста Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай, Бас прокурор Берік Асылов, Қаржы министрі Мәди Тәкиев, Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев баяндама жасады.

Уәкілетті органдардың өкілдері халықаралық озық тәжірибелерді енгізу арқылы еліміздің құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру бағытында қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық заңнаманы жетілдіруге бағытталған заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілді.

Жиын соңында Ерлан Қарин сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Ыстанбұл жоспары аясындағы ұсынымдарды жан-жақты пысықтау маңызды екенін атап өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -