Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жерді алып қою: Конституциялық соттың ұстанымы

1914
Фотосурет: Gov

Конституциялық Сот жер иелерінің сот арқылы қорғалу тәртібін нақтылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

​​​​​​​

Конституциялық Сотқа Жер кодекстің 88-бабы 1-тармағының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы азаматтың өтініші келіп түсті

Өтініш берушінің айтуынша, дауланып отырған норма жер учаскесін мемлекеттік мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы әкімдіктің қаулысын сот тәртібімен даулау мүмкіндігін меншік иесінен айырады, бұл оның пікірінше сот арқылы қорғалу құқығын бұзады.   

Конституциялық Сот өз шешімінде бұған дейін 2023 жылғы 16 мамырдағы №13-НҚ https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/469536?lang=ru және 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №56-НҚ https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/769436?lang=ru  нормативтік қаулыларында: «Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқығы бар» деген конституциялық қағидат кез келген адамның бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру үшін сотқа жүгіну құқылы екенін білдіреді. Бұл құқықты іске асыру заңда көзделген негіздер мен тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады», - деп көрсетілген.  

Осылайша, әкімдіктің қаулысы әкімшілік акт болып табылады, оған әкімшілік немесе сот тәртібімен шағымдануға болады, өз кезегінде жерді алу негіздерін бағалау жалпы юрисдикция соттарының құзыретіне жатады, жалпы алғанда Конституциялық Сот конституциялық іс жүргізуге өтінішті қабылдау үшін негіздерді қарастырған жоқ.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -