ЕҚДБ Қазақстанның қаржы секторының құрылымдық реформаларын қолдайды

1727
Фотосурет: Reuters

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) Қаржы институттары департаментінің Басқарушы директоры Франсиз Малижбен және Орталық Азия, Кавказ, Түркия Қаржы институттары департаментінің директоры Георгий Орловпен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Тараптар елдің қаржы секторының ағымдағы жай-күйін, сондай-ақ Банктер туралы жаңа заңды әзірлеу кезіндегі өзара іс-қимылды талқылады. ЕҚДБ төлемге қабілетсіз банктерді реттеу тетігін, бірыңғай қаржы омбудсманы қызметінің тәртібін, қаржы өнімдерін басқаруға қойылатын талаптарды әзірлеу кезінде техникалық көмек көрсетуге қатысты.

Сонымен бірге кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың алдағы жоспарларын талқылады. Цифрлық қаржы активтері (ЦҚА) үшін реттеуші ортаны қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Бұдан басқа, Агенттік қор нарығының тұрақтылығы мен тиімділігін арттыруға, инвесторлардың құқықтарын қорғауды күшейтуге және инновацияларды енгізу үшін жағдай жасауға бағытталған Бағалы қағаздар нарығы туралы жаңа заңды әзірлеуге кірісті. Әлемдік қаржы жүйесінің қарқынды өзгерістері жағдайында және негізгі әлемдік үрдістер мен жаһандық интеграцияны ескере отырып, Қазақстанға қор нарығының құрылымдық реформалары қажет.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар одан әрі ынтымақтастыққа бейілділігін растады және банктерді реттеуді жетілдіру, бағалы қағаздар нарығын дамыту және заманауи нормативтік тәсілді, оның ішінде цифрлық қаржы активтеріне қатысты қалыптастыру жөніндегі бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -