Жетісудағы мәдениет үйі пайдалануға берілмеді: ҚР ҚМА ірі жымқыруды анықтады

1155
Фотосурет: ҚМА баспасөз қызметі

ҚМА Жетісу облысы бойынша департаменті Бақтыбай ауылындағы Мәдениет үйін күрделі жөндеуге бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізуде, деп хабарлайды DKNews.kz.

2020 жылы Ескелді ауданының ішкі саясат бөлімі мен мердігер ұйым арасында күрделі жөндеуден өткізуге 753 млн теңге сомасына шарт жасалған.

Шарт талаптарына сәйкес мердігер жұмысты 2021 жылдың желтоқсан айында аяқтауы тиіс болған, алайда нысан осы уақытқа дейін пайдалануға берілмеген.

Тергеу барысында бұрын қабылданып, төлем жүргізілген бірқатар жұмыстардың нақты орындалмағаны анықталды.

Нәтижесінде мемлекетке келтірілген залал 212 млн теңгеден асты.

Қатысы бар тұлғалардың мүлкіне шектеулер қойылды.

Тергеу жалғасуда.

Қазақстан Республикасы ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -