Қазақстандық оқушылар фишинг пен дропперлік схемаларды анықтауды үйренді

1606
Фотосурет: Gov

Астанада 1-15 желтоқсан аралығында «Заң және тәртіп» жалпыұлттық қағидаты аясында жастардың қаржылық сауаттылығы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған «Qarzhy Sagshysy» республикалық компьютерлік ойыны өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жоба Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі тарапынан AML Academy-мен бірлесіп, Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Астанада ойынға барлығы 91 225 білім алушы қатысты:
• қаланың 120 мемлекеттік мектебінің 10-11 сыныптарында оқитын 70 953 оқушы;
• қала колледждерінің 1-2 курсында оқитын 20 272 студент.

Интерактивті форматта қатысушылар қаржылық тәуекелдерді тануды, виртуалды қаражатты басқаруды және өмірлік жағдаяттарда шешім қабылдауды үйренді.

Ойын қорытындысы бойынша оқушылар мен студенттер қаржылық пирамидаларды, дропперлік схемаларды анықтау, сондай-ақ фишингтік сайттарды заңды интернет-ресурстардан ажырату дағдыларын меңгерді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -