Бүгін Астанада Парламент Сенатының Төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының Президенті Мәулен Әшімбаев Федерацияның жас спортшыларымен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Суретті түсірген: А.Байжұманов
Суретті түсірген: А.Байжұманов
Сенат Төрағасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балаларды және олардың құқықтарын қорғау жүйесін нығайтуға, инклюзияны дамытуға үнемі баса мән беріп келе жатқанын атап өтті. Президент тапсырмасымен бүгінде бұл бағытта балалар үшін тең, қолжетімді және қауіпсіз орта қалыптастыруға арналған ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Сондай-ақ өскелең ұрпақтың сапалы білім алуын қамтамасыз етуді көздейтін әлеуметтік реформалар жүйелі түрде іске асырылуда.
Суретті түсірген: А.Байжұманов
Суретті түсірген: А.Байжұманов
Суретті түсірген: А.Байжұманов
Суретті түсірген: А.Байжұманов
Кездесуде инклюзия әділетті қоғамның іргелі қағидаты және еліміздің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі екені де сөз болды. Өз кезегінде жас спортшылар жылды қорытындылап, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Суретті түсірген: А.Байжұманов
Іс-шара аясында бочча спортын серік еткен жас өреңдер елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған мұз қалашығындағы ғажайып нысандарды тамашалады.