Қазақстанның жас шахматшылары жылдам шахмат (рапид) пен шапшаң шахматтан (блиц) 9–17 жас аралығындағы ойыншылар арасындағы 2025 жылғы әлем чемпионатында 13 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Оның 9-ы күміс және 4-і қола.
2025 жылғы 16 - 20 желтоқсан аралығында Анталья қаласында (Түркия) U9–U17 рапид пен блицтен 2025 жылғы Әлем чемпионаты (FIDE World U9–U17 Rapid and Blitz Chess Championships 2025) өтті. Турнирге 34 елдің 314 жас шахматшысы, соның ішінде Қазақстанның 47 спортшысы қатысты.
Жарыс бес жас санатындағы бозбалалар мен қыздар арасында бөлек өткізілді:
- 9 жасқа дейінгілер (2016 жылы және одан кеін туғандар),
- 11 жасқа дейінгілер,
- 13 жасқа дейінгілер,
- 15 жасқа дейінгілер,
- 17 жасқа дейінгілер (2008 жылы және одан кейін туғандар).
Бұрын бұл турнир мектеп оқушылары арасындағы әлем чемпионаты (FIDE World School Rapid and Blitz Championships) деп аталған.
Қазақстандық шахматшылардың рапидтен жеңіп алған медальдері (барлығы 7 медаль: 3 күміс және 4 қола)
- Күміс: Әлімжан Жауынбай (11 жасқа дейінгі бозбалалар) — 2-ші орын.
- Күміс: Жансая Шолпанбек (11 жасқа дейінгі қыздар) — 2-ші орын.
- Күміс: Ханзада Аманжол (13 жасқа дейінгі қыздар) — 2-ші орын.
- Қола: Рамазан Төлеген (11 жасқа дейінгі бозбалалар) — 3-ші орын.
- Қола: Адия Мәмеш (11 жасқа дейінгі қыздар) — 3-ші орын.
- Қола: Әлима Өмірсерік (13 жасқа дейінгі қыздар) — 3-ші орын.
- Қола: Әсия Асылхан (15 жасқа дейінгі қыздар) — 3-ші орын.
Қазақстандық шахматшылардың блицтен жеңіп алған медальдері (барлығы 6 күміс медаль)
- Күміс: Нұрәли Нұршин (9 жасқа дейінгі ұлдар) — 2-ші орын.
- Күміс: Азалия Балақанова (9 жасқа дейінгі қыздар) — 2-ші орын.
- Күміс: Ахмедияр Сүгірәлиев (11 жасқа дейінгі бозбалалар) — 2-ші орын.
- Күміс: Жансая Шолпанбек (11 жасқа дейінгі қыздар) — 2-ші орын.
- Күміс: Сүлеймен Ахмет (13 жасқа дейінгі бозбалалар) — 2-ші орын.
- Күміс: Әсия Асылхан (15 жасқа дейінгі қыздар) — 2-ші орын.

Жансая Шолпанбек (G11, Алматы облысы) екі күміс медаль: біреуін рапидтен, екіншісін блицтен жеңіп алды. Әсия Асылхан (G15, Түркістан) рапидтен қола жүлде және блицтен күміс алды. Сүлеймен Ахмет (O13, Павлодар) — блицтен күміс жүлдегер атанды (рапидтен 6-шы орын, медальсіз).
16 -18 желтоқсан аралығында рапидтен жарыс: швейцариялық жүйе бойынша 9 тур өтті, партияға берілетін уақыт — 15 минут + әр жүріс үшін біріншісінен бастап 10 секунд.

Әлімжан Жауынбай (11 жасқа дейінгі бозбалалар) жеңімпазбен бірдей ұпай санын жинады (екеуінде де 7½), бірақ жеке кездесудің нәтижесінде екінші болды (Түркия ойыншысы Али Пойраз Уздемирмен соңғы тур тең ойынмен аяқталды).

Ханзада Аманжол (13 жасқа дейінгі қыздар, Ақтөбе облысы) және Әлима Өмірсерік (13 жасқа дейінгі қыздар, Алматы облысы) жеңіске жеткен қарсыластары сияқты 6½ ұпайдан жинады, жеке кездесулерде (барлығында 1 ұпайдан) және қысқартылған Бухгольц коэффициенті бойынша (44 ұпайдан) тең түсті, бірақ кәдімгі Бухгольц коэффициентіне бола екінші және үшінші орындарды иеленді.
19 және 20 желтоқсанда блицтен жарыс: швейцариялық жүйе бойынша 9 тур өтті, партияға берілетін уақыт — 3 минут + әр жүріс үшін біріншісінен бастап 2 секунд.

Сүлеймен Ахмет (13 жасқа дейінгі бозбалалар) және Әсия Асылхан (15 жасқа дейінгі қыздар) жеңімпаз атанған Иран ойыншыларымен бірдей ұпай жинады (сәйкесінше 8 және 7½ ұпайдан), бірақ оларға екінші орын бұйырды: Сүлеймен Ахмет ирандық шахматшыдан бір рет жеңіліс тапса, ирандық қарсыласымен тең түскен Әсия Асылхан қысқартылған ең нашар Бухгольц коэффициенті бойынша сәтсіздікке ұшырады.
U9–U17 рапидтен 2025 жылғы әлем чемпионатының қорытындысы (рапидтегі рейтинг көрсетілген)
9 жасқа дейінгі ұлдар (47 қатысушы):
- CM Лука Протопопеску (2096, Франция) — 7½ ұпай;
- Марк Барсело Мельник (2208, Испания) — 7½;
- Нурмухаммад Нематиллахонов (1795, Өзбекстан) — 7;
- Нұрәли Нұршин (1779, Қазақстан) — 7;
- Нұрислам Сұлтанхан (1809, Қазақстан) — 6½;
- Нұрмұхамед Елемес (1790, Қазақстан) — 6.
9 жасқа дейінгі қыздар (21 қатысушы):
- Элиф Дефне Озер (1529, Түркия) — 7 ұпай;
- WCM Элиза-Йоана Бадеску (1900, Румыния) — 6;
- Валерия Житкевич (1495, Беларусь) — 6;
- Амира Алеманова (0, Қазақстан) — 5½;
- Ақниет Күмісбай (1569, Қазақстан) — 5½.
11 жасқа дейінгі бозбалалар (45 қатысушы):
- FM Марк Ллари (2135, Франция) — 7½ ұпай;
- FM Әлімжан Жауынбай (2075, Қазақстан) — 7½;
- Рамазан Төлеген (2044, Қазақстан) — 6½.
11 жасқа дейінгі қыздар (26 қатысушы):
- WFM Алиса Генриетта Юнкер (2128, FIDE) — 8½ ұпай;
- WCM Жансая Шолпанбек (1837, Қазақстан) — 6½;
- WCM Адия Мәмеш (1822, Қазақстан) — 6½.
13 жасқа дейінгі бозбалалар (46 қатысушы):
- FM Али Гюр (2073, Түркия) — 7 ұпай;
- FM Абдумаджид Ботиралиев (2057, Өзбекстан) — 7;
- Бавер Йылмаз (2053, Түркия) — 7;
- CM Сулейман Ахмет (2111, Қазақстан) — 6.
13 жасқа дейінгі қыздар (20 қатысушы):
- WCM Кристина Завиваева (1945, FIDE) — 6½ ұпай;
- WFM Ханзада Аманжол (1892, Қазақстан) — 6½;
- Әлима Өмірсерік (1833, Қазақстан) — 6½;
- Бибісара Ержан (1790, Қазақстан) — 6;
- Ақнұр Мамақова (1796, Қазақстан) — 5;
- Далия Диасқызы (1793, Қазақстан) — 5.
15 жасқа дейнгі бозбалалар (45 қатысушы):
- IM Хумоюн Бегмуратов (2451, Өзбекстан) — 7½ ұпай;
- GM Ягыз Каан Эрдогмуш (2446, Түркия) — 7;
- Донг Хонгфу (2170, Китай) — 7;
- Әділ Азатжан (2104, Қазақстан) — 6.
15 жасқа дейінгі қыздар (20 қатысушы):
- WFM Рукия Олимова (1913, Өзбекстан) — 7 ұпай;
- WCM Аня Бебер (1927, Словения) — 6½;
- Әсия Асылхан (1903, Қазақстан) — 6½;
- WFM Мария Холявко (2006, Қазақстан) — 6.
17 жасқа дейнгі бозбалалар (32 қатысушы):
- IM Асроржон Омонов (2233, Өзбекстан) — 7 ұпай;
- FM Лоренцо Переа Фрует (2343, Испания) — 6½;
- IM Филип Маголд (2444, Румыния) — 6½;
- FM Марк Смирнов (2274, Қазақстан) — 6.
17 жасқа дейнгі қыздар (12 қатысушы):
- WIM Нгуен Бинь Ви (1950, Вьетнам) — 7½ ұпай;
- WCM Мадинабону Халилова (1931, Өзбекстан) — 7;
- WFM Евгения Сатановская (2003, РФ) — 7. (Қазақстандық шахматшы қыздар болған жоқ.)
Рапидтің егжей-тегжейлі нәтижелері: https://s1.chess-results.com/tnr1317010.aspx
U9–U17 блицтен 2025 жылғы әлем чемпионатының қорытындысы (блицтегі рейтинг көрсетілген)
9 жасқа дейінгі ұлдар (45 қатысушы):
- Марк Барсело Мельник (2111, Испания) — 8 ұпай;
- Нұрәли Нұршин (1994, Қазақстан) — 7½;
- Олександр Савчук (2101, Украина) — 6½.
9 жасқа дейінгі қыздар (21 қатысушы):
- Варвара Волкова (1637, FIDE) — 9 ұпай;
- Азалия Балақанова (1670, Қазақстан) — 7;
- Элиф Эрен (1455, Түркия) — 6½;
- Ақниет Күмісбай (1654, Қазақстан) — 6.
11 жасқа дейінгі бозбалалар (44 қатысушы):
- FM Марк Ллари (2161, Франция) — 9 ұпай;
- Ахмедияр Сүгірәлиев (1889, Қазақстан) — 7;
- CM Али Пойраз Уздемир (1896, Түркия) — 7;
- FM Әлімжан Жауынбай (2065, Қазақстан) — 6½.
11 жасқа дейінгі қыздар (26 қатысушы):
- WFM Алиса Генриетта Юнкер (2122, FIDE) — 7½ ұпай;
- WCM Жансая Шолпанбек (1852, Қазақстан) — 7;
- WCM Хуснорахон Хуснитдинова (1746, Өзбекстан) — 6½.
13 жасқа дейінгі бозбалалар (46 қатысушы):
- FM Рамтин Какаванд (2339, Иран) — 8 ұпай;
- CM Сүлеймен Ахмет (1931, Қазақстан) — 8;
- Макар Бердашкевич (2219, FIDE) — 7.
13 жасқа дейінгі қыздар (20 қатысушы):
- Лазизабону Комилжонова (1690, Өзбекстан) — 8½ ұпай;
- WCM Кристина Завиваева (1911, FIDE) — 6½;
- Мохинур Хикматхонова (1754, Өзбекстан) — 6½;
- Ақнұр Мамақова (1863, Қазақстан) — 5½;
- WFM Ханзада Аманжол (1726, Қазақстан) — 5½.
15 жасқа дейнгі бозбалалар (45 қатысушы):
- GM Ягыз Каан Эрдогмуш (2497, Түркия) — 8 ұпай;
- CM Нгуен Нам Кьет (2193, Вьетнам) — 7½;
- IM Хумоюн Бегмуратов (2406, Өзбекстан) — 6½.
15 жасқа дейінгі қыздар (18 қатысушы):
- WFM Роша Акбари (2030, Иран) — 7½ ұпай;
- Әсия Асылхан (1797, Қазақстан) — 7½;
- WCM Аня Бебер (1966, Словения) — 6½;
- Айлин Зарқым (1928, Қазақстан) — 5;
- WFM Мария Холявко (2002, Қазақстан) — 5.
17 жасқа дейнгі бозбалалар (33 қатысушы):
- GM Эдиз Гюрель (2503, Түркия) — 8 ұпай;
- IM Филип Маголд (2332, Румыния) — 6½;
- FM Акбарали Абдухакимов (2170, Өзбекстан) — 6½.
17 жасқа дейнгі қыздар (13 қатысушы):
- WCM Мадинабону Халилова (2140, Өзбекстан) — 8 ұпай;
- WIM Нгуен Бинь Ви (1959, Вьетнам) — 7;
- WFM Евгения Сатановская (2003, РФ) — 6.
Блицтің егжей-тегжейлі нәтижелері: https://s2.chess-results.com/tnr1318932.aspx