Елде өткен Huawei Annual Awarding Ceremony осының айқын дәлеліне айналды. Компания жыл сайын ұйымдастыратын бұл марапаттау рәсімі биыл Қазақстанның 48 университетінің өкілдерін бір алаңға жинап, жоғары оқу орындары, мемлекет және технологиялық бизнес арасындағы серіктестіктің нақты нәтижесін көрсетті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Салтанатты жиын - тек үздіктерді марапаттау емес, елдегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында кадр даярлаудың қалай өзгеріп жатқанын, университеттер мен индустрияның бір-біріне қалай жақындап келе жатқанын көрсететін индикатор.
Мемлекет, университеттер және технологиялық бизнес бір үстелде
Іс-шараның мәртебесін қонақтар құрамының өзі аңғартты. Марапаттау рәсіміне Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова, «Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасы Арман Ашкин, сондай-ақ елдің жетекші жоғары оқу орындарының ректорлары мен проректорлары қатысты.
Бұл - мемлекет пен университеттердің Huawei-ді жай ғана технология жеткізуші емес, стратегиялық білім беру серіктесі ретінде қабылдай бастағанының белгісі.
AI-SANA: жасанды интеллектті қазақ тілінде оқыту
Рәсімнің маңызды сәттерінің бірі - Динара Щеглованың Huawei компаниясына AI-SANA ұлттық білім беру бастамасын іске асыруға қосқан үлесі үшін алғыс хаттар табыстауы болды. Бұл бастама Қазақстан үшін ерекше мәнге ие.
AI-SANA аясында Huawei:
- жасанды интеллект бойынша үш толыққанды курсты бейімдеді;
- оларды қазақ тіліне толық аударды;
- курстарды Huawei Talent Online платформасында тегін қолжетімді етті.
Нәтижесі - статистикада. Бүгінгі таңда Қазақстанның 45 университетінен 200 521-ден астам студент AI-SANA бағдарламасы аясында жасанды интеллект бойынша сертификаттаудан өтті. Бұл көрсеткіш жобаны өңірдегі цифрлық білім беру саласындағы ең ауқымды бастамалардың біріне айналдырды.

Университеттер цифрлық трансформацияға қалай дайындалып жатыр
Іс-шара барысында Huawei өкілдері білім беру процесін цифрландыруға арналған смарт-шешімдерді таныстырып, қазақстандық жоғары оқу орындарының базасында жұмыс істейтін Huawei ICT Academy қызметі бойынша жылдық есеп ұсынды.
Есепте:
- белсенді курстар санының өсуі;
- студенттердің қамтылу ауқымы;
- халықаралық сертификаттаудан өткен жастардың динамикасы көрсетілді.
Бұл деректер Huawei ICT Academy-дің формалды жоба емес, нақты нәтижесі бар экожүйеге айналғанын аңғартады.
Huawei ICT Competition: теориядан практикаға дейін
Кештің ең әсерлі бөліктерінің бірі - Huawei ICT Competition 2025-2026 ұлттық финалының жеңімпаздарын марапаттау болды. Байқау аясында студенттер Network, Cloud және Computing тректері бойынша өз білімдері мен практикалық дағдыларын сынға салды.
Network бағыты бойынша жеңімпаздар:
- Мадияр Мерейев - Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ
- Ансар Асылбек - ҚБТУ
- Жақсылық Абдумиталипов - ҚБТУ
Cloud бағыты бойынша:
- Ziani Louay - ҚБТУ
- Мереке Нұрай - ҚБТУ
- Арайлым Амангелдіқызы - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Computing бағыты бойынша:
- Семсер Бердібек - АТУ
- Даниял Сайлаубек - АТУ
- Бақдәулет Кемал - АИУ
Оқытушы - экожүйенің негізгі тұлғасы
Huawei тек студенттерге емес, оқытушыларға да ерекше мән береді. Биыл «Instructor of the Year» номинациясы бойынша 14 оқытушы марапатталды. Олар:
- студенттерді даярлаудың жоғары деңгейі;
- Huawei курстарын оқу процесіне интеграциялау;
- өз университеттерінде АКТ бағыттарын белсенді ілгерілетуі үшін ерекшеленді.
Бұл - цифрлық трансформацияның тек технологиядан емес, оқытушының көзқарасынан басталатынын көрсететін маңызды сигнал.

Үздік ICT Academy-лер: кімдер алда?
Жыл қорытындысы бойынша бағдарламаның барлық жоспарын орындап, айрықша нәтиже көрсеткен бес ICT Academy анықталды. Бағалау үш негізгі критерийге сүйенді:
- AI курстарын силлабустарға енгізу (міндетті және элективті пәндер);
- AI-SANA аясындағы белсенді сыныптар мен студенттер саны;
- Huawei ICT Competition 2025-2026 байқауына белсенді әрі нәтижелі қатысу.
Үздіктер қатарында:
- ҚБТУ
- әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
- ALT University
- Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті
- Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Марапаттарды Арман Ашкин және Сюй Хай табыстады.
Huawei көзқарасы: білімге салынған инвестиция - экономикаға салынған инвестиция
Huawei Technologies Kazakhstan компаниясының бас директордың орынбасары Сюй Хай бұл философияны ашық жеткізді:
«Білім беруді қолдау және АКТ саласындағы таланттарды дамыту - Huawei компаниясының Қазақстандағы негізгі басымдықтарының бірі. Біз студенттер мен оқытушыларға салынған инвестицияны ел экономикасының тұрақты дамуы мен цифрлық трансформациясына ұзақ мерзімді үлес деп санаймыз. Huawei ICT Academy, AI-SANA және Huawei ICT Competition секілді бастамалар арқылы біз университеттермен бірлесе отырып, жастардың озық білім мен технологияларға қол жеткізуіне, ал оқытушылардың білім беру бағдарламаларын жаңартуға арналған құралдарға ие болуына мүмкіндік беретін экожүйе қалыптастырып келеміз. Annual Awarding Ceremony - серіктестерімізге сенімі үшін алғыс айтып, Қазақстандағы АКТ-білім беруді күшейтіп, оны заманауи әрі бәсекеге қабілетті етіп отырған жандарды атап өтудің бірегей мүмкіндігі».
Жаһандық модель - жергілікті нәтиже
Huawei ICT Academy - Huawei компаниясының университеттер мен колледждермен серіктестікте жүзеге асырылатын жаһандық білім беру бастамасы. Бағдарлама аясында студенттер 23 АКТ бағыты бойынша оқып, желілік технологиялардан бастап бұлтты сервистерге, жасанды интеллект пен киберқауіпсіздікке дейінгі салаларда халықаралық сертификат ала алады.
Huawei ICT Academy бағдарламасы Қазақстанда бірнеше жылдан бері академиялық білім мен цифрлық экономиканың нақты сұраныстары арасындағы алшақтықты қысқартатын тиімді платформа ретінде жұмыс істеп келеді және елдің технологиялық дамуына қажетті кадрлық резервті қалыптастыруға үлес қосып отыр.
Huawei Annual Awarding Ceremony осы үрдістің нақты нәтиже беріп жатқанын көрсетті: университеттер - жаңарып жатыр, студенттер - нақты дағды алып жатыр, ал ел - болашақтың кадрлық қорын бүгіннен бастап қалыптастырып келеді.