Қазақстанның БАҚ-тары цифрлық ортада жұмыс істеуге қалай дайындалып жатыр

1210
Фотосурет: Gov

Еліміздің медиасаласында заманауи технологияларды пайдалану бойынша журналистерге арналған тренингтер сериясы аяқталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Екі ай бойы іс-шаралар Шымкент, Ақтау және Алматы қалаларында өтті. Оған елдің тоғыз өңірінен 50-ден астам БАҚ өкілі қатысты.

Тренинг бағдарламасы тәжірибе жүзінде кәсіби дағдыларды дамытуға бағытталды. Атап айтсақ, контентті әртүрлі платформаларға бейімдеу, фактчекинг, деректерді талдау және редакциялық жұмыста цифрлық құралдарды пайдалану үйретілді. Басымдық мультимедиялық контентке, медиаэтикаға, сондай-ақ жасанды интеллект құралдарын енгізу мен әлеуметтік желілермен жұмыс істеуге берілді.

Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Кселл» АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында жүзеге асырылды.

Тренингке қатысушылар тапсырмалар орындап, кейстерді талдап, оқыту соңында жобаларды қорғады.

Спикерлер қатарында «Кселл» АҚ және Ericsson компаниясының өкілдері болды. Олар телекоммуникация саласының дамуындағы жаңашылдықтарды айтып, цифрлық трансформацияны халыққа жеткізуде БАҚ рөлін ерекше атап өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -