Астанадағы қар жаууы: қала қысқы жүктемемен қалай күресіп жатыр

1122
Фотосурет: Gov

Елордада қар күреу жұмысы тәулік бойы жалғасуда. Қаланың коммуналдық қызметтері күндіз және түнде бірнеше ауысыммен жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Күндізгі ауысым барысында қаладан 2 527 рейс арқылы шамамен 33 мың текше метр қар шығарылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

23 желтоқсанға қараған түні қар тазалау жұмысына 449 жол жұмысшысы мен 1 608 арнайы техника жұмылдырылады.

Жалпы қыс маусымы басталғалы бері қаладан қар полигондарына 72 847 жүк көлігі рейсімен 941 мың текше метрден астам қар шығарылды.

Алдымен негізгі көшелер мен қоғамдық көлік бағыттары тазаланады. Одан кейін қозғалыс қарқыны орташа аумақтар – аулалар, алаңдар, тротуарлар мен аялдамалар тазартылады.

Қала тұрғындарының қауіпсіз жүруін қамтамасыз ету үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге техникалық тұз себіледі.

Сонымен қатар, аула аумақтарының тазалығын қамтамасыз ету ПИК пен МИБ-тің міндеті екені еске салынады. Олар тұрғындардың қауіпсіздігі мен қолайлылығы үшін аулаларды қар мен көктайғақтан уақытылы тазалауы тиіс.

Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жолдар мен тротуарларда барынша мұқият болуға, сондай-ақ қолайсыз ауа райы жағдайында алыс жолға шықпауға шақырады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -