Ленгер қаласында мектеп оқушылары әскери колледж өкілдерімен кездесті

1221
Фотосурет: Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Сабыр Рахымов атындағы Әскери колледждің ақпараттық-түсіндіру тобы Қарулы Күштер ардагерлерімен бірлесіп, Ленгер қаласындағы 9–10 сынып оқушылары мен Төле би ауданының шамамен 70 мектебінің өкілдеріне арналған «Кәсіби бағдар күні» форматында әскери-патриоттық іс-шара өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын алып шығу және Мемлекеттік Гимнді орындаумен басталды. Құттықтау сөзбен Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев, сондай-ақ Шымкент қаласынан арнайы келген ардагерлер мен қоғамдық ұйым өкілдері сөз сөйледі.

Кездесу барысында оқушыларға әскери оқу орындары мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің түрлері туралы бейнематериалдар көрсетілді. Бағдарлама аясында қатысушыларға Сабыр Рахымов атындағы Әскери колледждің құрылу тарихы, күнделікті тыныс-тіршілігі, оқу шарттары мен әскери қызметтің ерекшеліктері туралы кеңінен мәлімет берілді.

Колледж тәрбиеленушілері саптық дайындық элементтері мен арнайы жаттығуларды көрсетіп, кәсіби даярлық деңгейін іс жүзінде танытты. Әскери колледж бастығы, полковник Мақсат Ахшалов оқушылармен ашық форматта әңгімелесу барысында сержанттық қызметтің маңыздылығына тоқталып, оның қазіргі армиядағы жауапкершілігі мен рөлін атап өтті. Сондай-ақ ол кәсіби өсу мүмкіндіктері мен әскери мамандықты саналы таңдаудың маңызын жеткізді.

Оқушылар алдында Қалалық «Қарулы Күштер ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің филиал төрағасы Серікбай Онбаев пен шебер-сержант Руслан Ақмұратұлы Баймұханов та сөз сөйлеп, әскери қызметтегі жеке тәжірибелерімен бөлісті. Олар әскери қызметшінің кәсібі, патриотизм, тәртіп пен жауапкершілік сынды маңызды қасиеттердің мәні туралы айтып өтті.

Осындай кездесулер жастардың әскери қызметке деген қызығушылығын арттырып, әскери-патриоттық тәрбиені күшейтуге және оқушылардың болашақ мамандықты саналы таңдауларына оң ықпал етеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -