Астанада мектеп оқушылары арасында қаржылық қауіпсіздік мәдениеті қалыптастырылуда

1210
Фотосурет: Gov

Елордадағы Экономикалық тергеп-тексеру департаменті «Заң және тәртіп» қағидаты аясында мектеп оқушыларына, студенттерге, сондай-ақ әлеуметтік осал топ өкілдеріне арналған ақпараттық-түсіндіру іс-шаралар сериясын өткізіп жатыр, деп хабарлайды DKNews.kz.

Осындай кезекті дәріс №115 орта мектептің 10-11-сынып оқушыларына арнап ұйымдастырылды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Дәрісте барлығы 400 оқушы қамтылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздіктің (жеке және мемлекеттік деңгейде) қаржылық әл-ауқаттың негізі екені жөнінде оқушылардың түсінігін қалыптастыру, сондай-ақ қазіргі экономикалық жағдайда кездесетін қаржылық тәуекелдер туралы жалпы мәлімет беру.

Кездесу барысында Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға жедел уәкілі Нұрғали Аязов цифрлық қауіпсіздікті сақтаудың маңыздылығы, интернет-алаяқтықтан қорғану тәсілдері, дипфейктер, жеке деректерді қорғау, сондай-ақ дропперлер туралы жан-жақты түсіндіріп өтті.

Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын белсенді түрде қойып, оларға нақты жауаптармен қатар тәжірибелік кеңестер алды.

Өткізіліп жатқан мұндай дәрістер қаржылық және цифрлық сауаттылықты арттыруға, сондай-ақ әрбір азаматтың өміріндегі экономикалық қауіпсіздіктің маңызын түсінуге бағытталған маңызды алаңға айналып отыр.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -