Павлодар облысында вейптердің онлайн саудасы тоқтатылды

1353
Фотосурет: @snowing/freepik.com

ҚМА Павлодар облысы бойынша департаменті электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), сондай-ақ оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды заңсыз сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Өнімдерді өткізу Telegram мессенджеріндегі үш онлайн-дүкен арқылы курьерлік жеткізу тәсілімен жүзеге асырылған.

Заңсыз айналымнан жалпы құны 400 млн теңгеден асатын 53 мыңнан астам өнім бірлігі тәркіленді.

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді қолма-қол ақшаға айналдыру үшін күдіктілер банк карталары ресімделген дропперлерді пайдаланған.

Вейптердің негізгі тұтынушылары мектеп оқушылары мен студенттер болған.

Соттың санкциясымен қылмыстық табысқа сатып алынған 3 автокөлікке («Toyota Land Cruiser», «Toyota Highlander», «Chevrolet Camaro») тыйым салынды.

Төрт күдікті қамауға алынды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -