Қарағандының басты шыршасы түрлі-түсті шамдармен жарқырады

1199
Фотосурет: Gov

Қарағандыда жаңа жылдық мерекелерге ресми түрде бастау берілді. Тәуелсіздік алаңында орнатылған еңселі жасыл шырша түрлі-түсті шамдармен жарқырап, қалаға мерекелік реңк сыйлады. Шырша ондаған ойыншық пен гирляндамен безендіріліп, айналасына жарық беретін сәндік инсталляциялар қойылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Суретті түсірген: Александр Марченко

Ертегілік қойылым желісі бойынша мерекелік кешке Қар Ханшайымы, Боран мен Мұз сынды жағымсыз кейіпкерлер кедергі жасауға тырысты. 

Суретті түсірген: Александр Марченко

Алайда қарағандылықтар мерекелік көңіл күйді сақтап қалды: смартфон шамдарының жарығы мен шынайы күлкі суықты сейілткендей әсер қалдырды.

Суретті түсірген: Александр Марченко

Кештің шарықтау шегі көптен күткен сәтке ұласты. 

Суретті түсірген: Александр Марченко

Суретті түсірген: Александр Марченко

Аяз ата, Ақшақар және 2026 жылдың нышаны — Қызыл Жылқы басты жаңа жылдық шыршаның шамын жағып, жиналған жұртты жүрек түкпіріндегі ең асыл тілегін тілеуге шақырды.

Суретті түсірген: Александр Марченко

— Алда келе жатқан Жаңа, 2026 жыл құтты болсын, қадірлі қауым! Жаңа жылдық шыршаның нұры қаламызды жарқыратып, әрбір жан жаңа жылға үміт пен қуанышқа толы көңіл күймен қадам бассын. Келер жыл денсаулық, бақ-береке мен ырыс әкелсін. Елімізге тыныштық пен тұрақты даму тілеймін! — деді Аяз ата қала тұрғындарына арнаған құттықтау сөзінде.

Суретті түсірген: Александр Марченко

Шырша маңына қала тұрғындары мен қонақтары жиналып, мерекелік атмосфераны бірге сезінді.

Суретті түсірген: Александр Марченко

Қарағандылық Анар Ысқақова кішкентай қызымен бірге алаңға алғашқылардың бірі болып келіп, келе жатқан Жаңа жылдың ерекше көңіл күйін сезінуге асықты.

— Жаңа жылда баршаға ең алдымен мықты денсаулық тілеймін. Әр шаңырақта қаржылық тұрақтылық орнап, ертеңгі күнге деген сенім нығая түссін. Қалғанының бәрі уақыт өте өз орнын табады, — деді ол.

Суретті түсірген: Александр Марченко

Тағы бір қала тұрғыны Андрей Иванчук төрт жастағы қызына басты шыршаның шамы жағылған сәттің сиқырын көрсету үшін келгенін айтты. Жарқыраған шамдар, шат күлкі мен балалардың қуанышы кешке ерекше мазмұн берді.

— Жаңа жыл қарсаңында баршаңызға мықты денсаулық, жан жылуы мен болашаққа сенім тілеймін. Әр үйде береке-бірлік, отбасыларда татулық пен қуаныш орнасын. Ал елімізде тұрақтылық, өркендеу мен бейбітшілік болғай. Келер жыл жаңа мүмкіндіктер мен мақтан тұтар жетістіктерге толы болсын, — деп құттықтады ол мереке қатысушыларын.

Суретті түсірген: Александр Марченко

Мереке соңында әсерлі отшашу атылып, жергілікті өнерпаздар концерттік бағдарлама ұсынды.

Суретті түсірген: Александр Марченко

Суретті түсірген: Александр Марченко

Жаңа жылдық думан Орталық саябақта да жалғасын тапты. Мұнда желілі мұз айдыны ашылып, шыршаның шамдары жағылды. Сонымен қатар жаңа фото аймақтар мен жарқыраған мүсіндер орнатылып, қала тұрғындары мен қонақтары үшін қысқы ертегіге толы кеңістік қалыптасты.

Суретті түсірген: Александр Марченко

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -