Астананың Сарайшық ауданында «Заң және тәртіп» қағидаты аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта мектеп оқушылары мен студенттер арасында ұйымдастырылған сурет байқауының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.




Байқау Сарайшық ауданы әкімдігінің бастамасымен өтті. Үздік жұмыстардың авторларын марапаттау рәсімі елордадағы «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысының филиалында ұйымдастырылды, деп хабарлайды DKNews.kz.


«Заң және тәртіп» акциясы аясында «Үздік антикоррупциялық карикатура» байқауының қорытындысын шығардық. Байқауға жалпы білім беретін мектептердің 5-11-сынып оқушылары, сондай-ақ колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Барлығы 54 жұмыс ұсынылып, оның ішінен 10 үздік туынды іріктеліп алынды. Байқаудың басты мақсаты – балаларға сыбайлас жемқорлықтың не екенін түсіндіріп, оның болашақта ауыр салдарға әкелуі мүмкін екенін ұғындыру», – деді Сарайшық ауданы әкімдігінің өкілі Дарын Қаппаров.


