Агенттік өкілдері әскери қызметшілердің қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша бірқатар іс шаралар өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Қаржынарығынреттеужәнедамытуагенттігінің өкілдері әскери қызметшілердің және келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің қаржылықсауаттылығынарттыруғабағытталған іс-шараларкешенінөткізді.

Бастама Fingramota.kz жобасы шеңберіндеҚазақстанРеспубликасыныңБасәскерипрокуратурасыменбірлесіп, сондай-ақ банкжәнемикроқаржыомбудсмандары кеңселерінің қолдауымен іске асырылды.

Қаржылық сауаттылық мәселелері бойынша оқыту дәрістері, семинарлар мен консультациялар еліміздің барлық өңірлерінде, сондай-ақ бірқатар әскери бөлімдерде, гарнизондарда, академиялар мен институттарда өткізілді.

Барлығы 45 іс-шара өткізілді, оның шеңберінде он мыңнан астам әскери қызметші, мерзімді және келісімшарт бойынша әскери қызметшілер қаржы өнімдерін жауапкершілікпен пайдалану, жеке қаржыны басқару және қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша білім алды.