Қазақстандағы автосақтандыру: қыста әрбір жүргізуші нені білуі керек

1276
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасында автосақтандыру міндетті және ерікті нысандарда жүзеге асырылады. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру (КҚИ АҚЖ МС) ЖКО салдарынан үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне келтірілген зиянды өтеуге арналған. КҚИ АҚЖ МС бойынша төлемдер заңнамада белгіленген сақтандыру сомалары шегінде жүзеге асырылады және ЖКО-да кінәлі деп танылған адамның көлік құралына келтірілген зиянды өтеуге қатысты қолданылмайды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ерікті автосақтандыру (КАСКО) ЖКО-ға кінәлі адамның мүліктік мүдделерін өтейді және сақтандырылған көлік құралының зақымдануы, жоғалуы немесе толық жойылуы кезінде оның залалын өтеуді көздейді, бұл ретте сақтандыру өтемінің шарттары мен тәртібі клиенттің қажеттіліктерін ескере отырып айқындалады және әр түрлі сақтандыру тәуекелдерін, франшиза мөлшерін, шығындарды реттеу тәртібін, жөндеу форматын және ЖКО жағдайлары және жүргізушінің кінәсінің дәрежесін ескере отырып, қосымша сервистік қызметтерді қамтуы мүмкін.

Қазіргі уақытта жалпы сақтандыру бойынша 15 сақтандыру компаниясының ерікті автосақтандыруды (КАСКО) жүзеге асыру бойынша лицензиясы бар. 2025 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша ерікті автосақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 77,3 млрд теңгені құрады, бұл ретте автокөлік иелеріне сақтандыру төлемдері 26,5 млрдтеңгегежетті.

Осылайша, қыс мезгілінде КАСКО ерікті сақтандыру ерекше өзектілікке ие болады, себебі ол автокөлік иелеріне көлік құралын қосымша қаржылық қорғауды қамтамасыз етуге және қиын ауа-райында апаттың жоғарылауымен байланысты ықтимал қаржылық тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -