Қазақстан–Қытай диалогы практикалық іске асырудың жаңа деңгейіне көтерілуде

1408
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Қытай Халық Республикасының Елшісі Хань Чуньлиньді қабылдады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-қытай ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылап, оның одан әрі кеңею перспективалары бойынша пікір алмасты.

Сұхбаттастар ағымдағы жылы екі ел арасындағы саяси диалогтың дамуының бұрын-соңды болмаған серпінін атап өтті. Қазақстан мен Қытай мемлекет басшыларының кездесулері барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде жүзеге асыруға, сондай-ақ 2026 жылғы биік және жоғары деңгейдегі екіжақты іс-шаралар кестесіне ерекше назар аударылды.

Кездесу соңында тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты және көпжақты құрылымдар, оның ішінде БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК және «Орталық Азия – Қытай» форматы шеңберінде тығыз үйлестіру мен өзара ықпалдасуды жалғастыруға келісті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -