Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының базасында алғаш рет Қарулы күштер байланыс бөлімшелерінің 11 офицеріне арналған курстық дайындық ұйымдастырылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Офицерлер цифрлық байланыс құралдарын қолдану бойынша теориялық және практикалық дағдыларды игерді. Оқу бағдарламасы қазіргі заманғы жергілікті қақтығыстар тәжірибесіне негізделіп әзірленді, мұнда байланыстың тұрақтылығы мен сенімділігі әскерді басқарудың табысты факторы болып табылады.

Сабақтарға институттың бейінді кафедраларының оқытушылық құрамы, сондай-ақ тактика, ақпараттық технологиялар, радиоэлектронды барлау және радиоэлектронды күрес саласындағы мамандар тартылды. Кафедрааралық тәсіл байланыс ұйымдастыруды бөлімшелерді басқару міндеттерімен байланысты қарастыруға мүмкіндік берді.

Курстық дайындық цифрлық байланыс құралдарын ұйымдастыру мен қолдану бойынша практикалық дағдыларды меңгеруге мүмкіндік туғызды. Алған білімдерім күнделікті қызметімде өте пайдалы болатынына сенімдімін, – деп атап өтті курс тыңдаушысы капитан Арман Әшірақынов.

Оқу курсының нәтижесінде қатысушыларға сертификаттар мен алғыс хаттар табыс етілді. Ұйымдастырушылар оқу бағдарламасы байланыс бөлімшелерінің жауынгерлік дайындық деңгейін арттыруға бағытталғанын және алдағы уақытта жүйелі түрде өткізілетінін мәлімдеді.