Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғанысты күшейтеді: жаңа өрт сөндіру бекеттері пайдалануға берілді

1122
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы аясында ауылдық жерлерде ерікті өрт сөндіру пункттері желісін кеңейтуді жалғастыруда. Еліміздің бірқатар өңірлерінде жаңа нысандар пайдалануға беріліп, халықтың азаматтық қорғау деңгейін арттыруда, деп хабарлайды DKNews.kz.

  Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының Үштаған ауылында Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Е.А. Төрегелдиевтің, Маңғыстау облысы ТЖД бастығы М.С.Мұхановтың, Маңғыстау ауданының әкімі Г.М. Ниязовтың, сондай-ақ ауыл тұрғындарының қатысуымен жаңа өрт сөндіру пунктінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жаңа өрт сөндіру пункті Үштаған ауылының 2242-ден астам тұрғынын, сондай-ақ Жарма және Сазды елді мекендерінің тұрғындарын қорғауды қамтамасыз ететін болады.

  Сонымен қатар аудан орталығы Шетпе ауылынан 126 шақырым қашықтықта орналасқан, 2188 адам тұратын Сайөтес ауылында өрт сөндіру пунктінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

  Халқы 1750 адамды құрайтын Қызан ауылының тұрғындары мен 1190 адам тұратын көршілес Ақшымырау ауылының тұрғындары қосымша қорғауға ие болды. Қызан елді мекенінде өрт сөндіру пункті өз жұмысын бастады.

  Абай облысы Үржар ауданының Шолпан ауылында жаңа өрт сөндіру пунктінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жаңа өрт сөндіру пункті Шолпан ауылындағы 264 тұрғын үйде тұратын 1 045 тұрғынның, сондай-ақ жақын маңдағы қыстақтардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады.

  Салтанатты іс-шара барысында Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Манарбек Шапағатов Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің атынан Үржар ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Ахмад Бекболовты «Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапаттады.

  Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Алматы қаласына жұмыс сапары аясында Үржар ауданының меценаты Бауыржан Мамырбековті «Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапаттаған болатын. Оның қолдауының арқасында Шолпан ауылында өрт сөндіру пункті ашылды.

  Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Маралды ауылында ерікті өрт сөндіру пункті ашылды. Ол 1280-ден астам тұрғыны бар Маралды, Үшбұлақ және Қыстау-Күршім атты үш ауылды қорғайтын болады.

  Павлодар облысында Ертіс ауданының Ағашорын ауылында жаңа өрт сөндіру пункті пайдалануға берілді. Өрт сөндіру пункті Ертіс ауданының жергілікті атқарушы органдарының қатысуымен және «Замандас» ЖШС қолдауымен ашылды. «Замандас» ЖШС жедел әрекет етуге арналған жүк тиегіш пен екі трактор бөлді, сондай-ақ өрт автосицернасына арналған жылы бокс жабдықталды. Пункт Ағашорын, Ленин және Ұзынсу ауылдарына қызмет көрсететін болады, олардың жалпы халқы шамамен 1 500 адамды құрайды.

  Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Балтабай ауылында ерікті өрт сөндіру пункті пайдалануға берілді. Балтабай ауылындағы ерікті өрт сөндіру пункті 7 елді мекеннің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Қызмет көрсету аймағындағы жалпы халық саны 9 мыңнан асады.

  Ақмола облысы Бұланды ауданының Вознесенка ауылында жаңа өрт сөндіру пункті салтанатты түрде ашылды. Жаңа пункт шақырту орнына келу уақытын айтарлықтай қысқартуға және бірден бес елді мекеннің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл ауылдарда жалпы саны 3 098 адам тұрады.

  Объектілерді ашу рәсімдерінде аумақтық төтенше жағдайлар департаменттерінің басшылары, аудандар әкімдері, бизнес өкілдері және жергілікті тұрғындар қатысты.

  Ашылған барлық бекеттер тәулік бойы кезекшілік жүргізуге арналған қызметтік-тұрмыстық үй-жайлармен қамтамасыз етілген, өрт-құтқару жабдықтарымен, байланыс құралдарымен және жеке құрамның экипировкаларымен жабдықталған.

  «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасын іске асыру азаматтық қорғау жүйесін нығайту және елдегі ауылдық елді мекендер тұрғындары үшін қауіпсіз ортаны қамтамасыз етудің маңызды қадамы болып табылады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -