Соңғы 30 жылдан астам уақыттан кейін ШҚО-да алғаш рет «Победа» магистральдық каналының реконструкциясы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды DKNews.kz.
Шығыс Қазақстан облысындағы «Қазсушар» филиалы «Победа» магистральдық каналы мен оның негізгі құрылысын соңғы 30 жылдан астам уақыттан кейін алғаш рет реконструкциялауды бастады.

Қазіргі уақытта ұзындығы 6 шақырым болатын канал бөлігі механикалық тазалаудан өтті. Жобаны 2026 жылдың соңына дейін толық аяқтау жоспарланған.

«Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін қажетті материалдарды сатып алу және жеткізу жұмыстары жүріп жатыр. 2025 жылға белгіленген барлық жұмыс толық орындалды. Қалған жұмыстар биыл жалғасын табады» Шығыс Қазақстан облысындағы «Қазсушар» филиалы директоры Дәулет Жанысов