Шетелдік еңбек күші үшін квоталар: 2026 жылы не өзгереді

1155
Фотосурет: Gov

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында жыл сайын жұмыс берушілердің қажеттіліктері бойынша Қазақстанға шетелдік жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) тартуға квота мөлшерін бекітіп, бөледі. 2026 жылы бөлінген жалпы квота саны еліміздегі жұмыс күшінің 0,25% мөлшерінде белгіленді, деп хабарлайды DKNews.kz.

2025 жылы ШЖК-ны жұмысқа тарту бойынша 4 санатта квота бөлінді: бірінші санат бойынша 726 рұқсат (басшылар және олардың орынбасарлары), екінші санат – 3 402 рұқсат (құрылымдық бөлімшелердің басшылары). Рұқсаттардың негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше 5 893 және 3 131 бірлік. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 4 994 адамға дейін жұмыс күші тартылуы мүмкін.

Бұдан басқа, 2025 жылы үй шаруашылықтарында жұмыс істеу үшін еңбек көшіп келушілерді тартуға арналған квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 2,9% мөлшерінде белгіленген.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -