Макинск құс фабрикасы мемлекеттік қолдаудың басым шараларына қол жеткізді

1573
Фотосурет: Gov

«Макинск құс фабрикасы» ЖШС еліміздегі ең ірі құс фабрикаларының бірі, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кәсіпорын AITAS агроөнеркәсіптік холдинг компаниясының құрамына кіреді. Құс фабрикасы аймақты жоғары сапалы 80-нен астам түрі бар өнімдермен қамтамасыз етеді.

Компания сенімді өндіруші мәртебесін растап, мемлекеттік органдармен және басқа да бизнеспен ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер аша отырып, Отандық өндірушілер реестріне енгізілді. Іске қосылған жүйе отандық бизнесті қолдауға, өндірістің өсуі арқылы локализацияны арттыруға және кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыруға бағытталған.

Компания өкілдерінің айтуынша, «Біздің отандық өндіруші мәртебемізді тексеру және растау рәсімі тез өткізілді. Өндірушілер туралы ақпарат енді тек мәртебесін дәлелдегендерге ғана мақсатты қолдау көрсету үшін бірыңғай дерекқорда жиналады. Осылайша, қолдау шараларын көрсету тиімдірек болады».

Осы жылдың басынан бастап тек Реестрге енгізілген кәсіпорындар ғана реттелетін сатып алуларға басымдықпен қатыса алады. Тек мәртебесін растаған отандық өндірушілер ғана мақсатты мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізе алады. Кәсіпорын өнімдерінің сапасын белсенді түрде жақсартуды жалғастыруда, жетілдіру мен дамытуға ұмтылуда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -