4 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде аяз бен қар күтіледі, деп хабарлайды DKNews.kz.
Елдің солтүстігінде, орталығында және оңтүстік-шығысында қар жауады деп күтілуде.
- Қар аралас жаңбыр, мұзды жаңбыр және жаңбыр Батыс Қазақстан, Түркістан, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында болжанады.
- Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін Қазақстанның батыс бөлігінде күтіледі.
- Таңертең және кешкі уақытта елдің бірқатар өңірлерінде тұман болуы мүмкін.
- Түнгі, таңғы және кешкі уақытта ауа температурасының төмен болуы ел аумағының басым бөлігінде күтіледі. Түркістан, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарының оңтүстік аудандарында күн жылы болады.
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Астана қ.: қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман.
Алматы қ.: кей уақытта тұман күтіледі.
Шымкент қ.: кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.
Түнде және таңертең Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, қөктағақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с.
Түнде Батыс Қазақстан облысының батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23 м/с.
Күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстікке ауысады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-18 м/с.
Күндіз Атырау облысының батысында, солтүстігінде аздаған жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көқтайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, түнде облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында, күндіз облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.
Жетісу облысының таулы аудандарында көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі
Ақмола облысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Күндіз Павлодар облысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман.
Түнде Ұлытау облысында қар, бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с.
Қарағанды облысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман.
Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с.
Абай облысында жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз Жарма ауданында 15-20, екпіні 25 м/с.