2026 жылғы қаңтарда ҚР жаңа Салық кодексінің енгізілуіне байланысты 2025 жылғы желтоқсан айы үшін салықтық есептілікті тапсыру мен төлемдерді төлеу мерзімдері ерекше маңызға ие. Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерді белгіленген мерзімдермен алдын ала танысып, міндеттемелерді уақытылы орындауға шақырады, деп хабарлайды DKNews.kz.
САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТЕРІ
15 қаңтар:
- 400.00 және 421.00 нысандары – 2025 жылғы қараша айына акциз бойынша декларация және құрылымдық бөлімшелер немесе объектілер бойынша есеп.
20 қаңтар:
- 328.00 нысаны – 2025 жылғы желтоқсан айына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш.
ТӨЛЕМДЕР
5 қаңтар:
- 2025 жылғы желтоқсандағы жеке практикамен айналысатын тұлғалардың табыстары бойынша ЖТС.
20 қаңтар:
- 2025 жылғы желтоқсан айына ЕАЭО-да ҚҚC;
- 2025 жылғы желтоқсан айына акциз, ЕАЭО-дан импортталған тауарларды қоса алғанда.
26 қаңтар:
- 2026 жылғы қаңтар айына КТС бойынша аванстық төлемдер;
- 2025 жылғы желтоқсан айында төленген резиденттер мен бейрезиденттер табыстарынан КТС, ЖТС;
- 2025 жылғы желтоқсан айында төленген, ҚР жіберілген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, заңды тұлға-резидент емес тұлға жіберген шетелдік персоналдың табыстарынан төлем көзінен ұсталатын ЖТС;
- 2025 жылғы желтоқсан айына арнайы мобильді қосымшаны қолдана отырып арнаулы салық режимі бойынша ЖТС;
- Радиожиіліктер спектрін пайдалану, жер учаскелерін пайдалану, сыртқы (визуалды) жарнама орналастыру үшін ағымдағы төлемдер;
- 2025 жылғы желтоқсан айына бірыңғай төлем, әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар, МӘМС бойынша жарналар мен аударымдар, МЗЖ, МКЗЖ, ЖБМЗЖ.