Алматыда робототехника фестиваліне 1500-ден астам оқушы қатысуда

2552
Фотосурет: Gov

Бүгін Алматы қаласында робототехника саласындағы ірі аймақтық іс-шаралардың бірі - Роботтар фестивалі Daryn FIRST Qualifier 2026 басталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Фестиваль оқушылардың инженерлік ойлауын, бағдарламалау дағдыларын, жобалық және командалық жұмыс мәдениетін дамытуға бағытталған.

Сайыс 4 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік береді. Аталған сайысқа 200-ге жуық команда, 1500-ден астам оқушы қатысуда.

Daryn FIRST Qualifier 2026 - оқушылар үшін тек жарыс алаңы ғана емес, STEM (ғылым, технология, инженерия және математика) бағытындағы білімді дамытуға, тәжірибе алмасуға және жасөспірімдердің кәсіби бағдарын қалыптастыруға арналған маңызды алаң.

Үш күнге созылатын сайыстың қорытындысы бойынша үздік командалар FIRST бағдарламасының келесі кезеңдеріне жолдама алады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -