Енді салық қалай болады: 2026 жылғы өзгерістерге шолу

3212
Арман Қоржымбаев Бас редактор
Фотосурет: Kazinform

Бүгінде кәсіпкерлер үшін ең өзекті сұрақтардың бірі - жаңа салық ережелері. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген өзгерістер бизнеске тікелей әсер етеді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бастысы: жеңілдетілген режимде қалғыңыз келсе, шешімді уақытында қабылдау керек. Үлгермесеңіз - салық органы сізді өзі басқа режимге ауыстырады. Көбіне ол тиімсіз.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған режим: кімге арналған

АСР өзін өзі жұмыспен қамтып жүрген жеке тұлғалар үшін жасалған.

Бұл режим келесі талаптарға сай келетіндерге қолайлы:

  • ЖК ретінде тіркелмеген
  • жалдамалы қызметкерсіз, өз бетімен жұмыс істейтін
  • тек рұқсат етілген қызмет түрлерімен шектелетін

Барлығы шамамен 40 қызмет түрі бар: такси, жеткізу, курьерлік сервис, шаштараз қызметі және тағы басқалар.

Қалай ауысуға болады (жұмыс істеп тұрған ЖК болса)

Егер сіз 2025 жылы:

  • патент қолдансаңызнемесе
  • мобильді қосымшамен жұмыс істесеңіз,

онда 2026 жылдың 1 қаңтарынан 28 ақпанына дейін ЖК ретінде есептен шығуыңыз керек.

Егер 1 наурызға дейін:

  • ЖК жабылмасанемесе басқа режим таңдалмаса, салық органы сізді автоматты түрде есептен шығарады.

Және бұл шешім өткен мерзіммен - 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап есептеледі.

Режим мобильді қосымшада алғашқы чек берілген айдан бастап белсенді болады.

Оңайлатылған режим: декларация арқылы жұмыс істеу

Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР бұрынғыдай сұраныста.

Бұл режимге келесі санаттағы салық төлеушілер өте алады:

  • 2025 жылы оңайлатылған декларация, тіркелген шегерім немесе бөлшек салық қолданғандар
  • жалпыға бірдей режимде болғандар, егер талаптарға сай келсе

Қалай ауысуға болады

1 қаңтар - 28 ақпан 2026 аралығында хабарлама жіберіп:

  • 2-бөлімде «Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР-ға ауысу» тармағын белгілеу қажет.

Сонда режим 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданылған болып саналады.

Маңызды: ЖБР-ға автоматты түрде түсіп қалу қаупі

Егер 2025 жылы арнайы салық режимдерін қолданған кәсіпкерлер:

  • оңайлатылған декларация
  • тіркелген шегерім
  • бөлшек салық

ақпанның соңына дейін хабарлама тапсырмаса, онда:

  • 2026 жылдың 1 наурызынан бастап олар автоматты түрде жалпыға бірдей режимге ауыстырылады
  • өзгерістер өткен мерзіммен - 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді

Бұл әдетте:

  • салық жүктемесінің артуы
  • есептің күрделенуі
  • құжат айналымының көбеюі

дегенді білдіреді.

Қазір-ақ тексеріп алыңыз

Автоматты түрде тиімсіз режимге өтпеу үшін:

  • өзіңізге лайық салық режимін алдын ала таңдаңыз
  • талаптарға сай келетін-келмейтініңізді тексеріңіз
  • мерзімін өткізіп алмаңыз

Бұл - шығыннан да, артық бас аурудан да сақтайды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -