Nestlé Қазақстанда балалар тағамының бір бөлігін қайтарып жатыр: ата-аналар нені білуі керек

3795
Фотосурет: Александр Рюмин / ТАСС

ТОО «Нестле Фуд Қазақстан» елімізде сатылған балалар тағамының шектеулі партияларын ерікті түрде кері қайтару туралы хабарлады. Қайтарымға тез еритін құрғақ сүт және қышқыл-сүт қоспалары, сондай-ақ аминқышқылдары негізіндегі емдік диеталық қоспалардың кейбір партиялары кіреді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Нақты партиялардың тізімі nestlebaby.kz сайтында жарияланған. Ата-аналар өз тауарын сол жерден тексере алады.

Неге қайтарып жатыр?

Қайтарым Nestlé компаниясының әлем бойынша жүргізіп жатқан жаһандық алдын алу шарасының бір бөлігі. Бағалау кезінде сыртқы жеткізушіден алынған шикізатта (арахидон қышқылы) цереулид токсинінің болуы мүмкін деген тәуекел анықталған.

Маңызды деректер:

  • бұл – потенциалды тәуекел, нақты улану расталмаған
  • аталған ингредиенттің үлесі өте аз
  • Қазақстанда цереулид деңгейіне қатысты нормалар жоқ

Соған қарамастан, Nestlé тәуекелді барынша азайту үшін алдын ала әрекет етуді таңдады. 5 қаңтар 2026 жылдан бастап шектеулі партиялар кері қайтарылуда.

Алдын алу үшін қабылданған шара

Компания мәлімдеді:

  • регуляторға хабар берілді
  • тұтынушылар мен серіктестерге ақпарат ұсынылады
  • қайтару тәртібі сайтта жарияланады

Өнімді сатып алғандар оны кері тапсыра алады. Толық ақпарат — nestlebaby.kz сайтында.

Кеңес алу үшін тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығы: 8 800 080 55 44

Қандай өнімдер әсер етпейді?

Nestlé атап өтті:

  • қайтарым тек шектеулі партияларға қатысты
  • басқа партиялар мен Nestlé-нің өзге балалар тағамдары қайтарымға жатпайды

Яғни, барлық өнімді бірден тастауға негіз жоқ — алдымен партия нөмірін тексеру керек.

Сабыр сақтап, назар аудару жеткілікті

Мұндай қайтарымдар халықаралық тәжірибеде жиі кездеседі: ірі компаниялар қауіп аз болса да, алдын ала әрекет етеді.

Ата-аналарға ұсыныс:

  • өнімнің партия нөмірін тексеріңіз
  • қажет болса — қайтару рәсімін жасаңыз
  • күмән болса — call-орталыққа жазыңыз немесе қоңырау шалыңыз

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -