Қазақстан Цифрландыру және жасанды интеллект жылына қадам басты: Президент жарлығы жарияланды

2475
Фотосурет: Akorda

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Құжат 2026 жылғы 6 қаңтарда Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Жарлықта цифрландыруды жүйелі түрде ілгерілетуге, инновацияларды қолдауға және заманауи технологиялық ортаны қалыптастыруға басымдық берілетіні атап өтілген.

Осылайша, цифрлық технологияларды одан әрі дамыту және жасанды интеллектіні ел өмірінің барлық саласына кеңінен енгізу мақсатында Мемлекет басшысы қаулы етті:

1. 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялансын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Цифрландыру және жасанды интеллект жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -