Қазақ киносының жарқын өкілі Мұрат Бисенбин өмірден өтті

2695
Арман Қоржымбаев Бас редактор
Фотосурет: «Sataifilm»

Қазақстандық кино және театр өнерінің белгілі өкілі, көрерменге харизмасымен, мінезді рөлдерімен танылған Мұрат Бисенбин дүниеден өтті. Қаралы хабарды актердің қызы Диана Булатова әлеуметтік желі арқылы жеткізді. Жазба жарияланған сәттен бастап қазақстандықтар марқұмның отбасына көңіл айтып, қайғысына ортақтасып жатыр.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от DIANA-DALI (@jemappelledali)

Қайтыс болу себебі әзірге нақтыланған жоқ. Бұған дейін Мұрат Бисенбиннің денсаулығы сыр беріп, инсульттен кейін дәрігерлердің бақылауында болғаны хабарланған еді. Отбасы сол кезде ел ішінен және шетелден келген қолдау сөздері мен дұғаларға алғыс айтқан болатын.

Ел сүйіспеншілігіне бөленген актер

Актердің өмірден өткені туралы хабар қоғамда кең резонанс тудырды. Әлеуметтік желілерде әріптестері, достары мен көрермендер Мұрат Бисенбинді шынайы, берік мінезді, сахна мен экранда да, өмірде де адал болған азамат ретінде еске алуда.

«Мұрат - төзім мен күрестің үлгісі»,
«Иманды болсын, отбасыңызға сабыр тілейміз»,
«Өте қарапайым, жақсы адам еді»,
«Жатқан жері жайлы болсын»,
«Қазақ киносының нағыз аңызы» - деп жазуда желі қолданушылары.
 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Мурат Бисенбин (@murat_bissenbin)

Көпшілік үшін ол халыққа жақын, рөлін жүрегімен сомдайтын актер ретінде есте қалды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Исембаев Саят Тимирбулатович (@issembayevsayat)

«Рэкетир» және мәңгілік бейне

Мұрат Бисенбиннің есімі қалың көрерменге ең алдымен Рэкетир фильміндегі Руслан рөлі арқылы кеңінен танылды. Бұл образ актердің шығармашылық тағдырында ерекше орын алды. Қатал, қайшылыққа толы кейіпкерді нанымды жеткізе білген Мұрат Бисенбин сол кезеңдегі қазақ киносының бет-бейнесін айқындаған актерлердің біріне айналды.

Одан кейін ол «Томирис», «Весь мир у наших ног», «Сказ о розовом зайце», «Братья», «Кто вы, господин Ка?» сынды фильмдерде ойнап, отандық кинематографияның дамуына өзіндік үлес қосты.

Ауыр дертпен күрес

Өткен жылдың күзінде актер көпшілікке ауыр диагнозы туралы ашық айтқан еді. Дәрігерлер Мұрат Бисенбинге ұйқы безінің қатерлі ісігін анықтаған. Оның айтуынша, ауру алғашында жай сырқат сияқты көрінген, алайда кейін жағдай күрт нашарлаған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Динара Сатжан (@dinarasatzhan)

Актер Қазақстандағы онкоорталықта бірнеше химиотерапия курсынан өтті. Сонымен қатар, шетелде емделу мүмкіндігін де қарастырғанын жасырмады. Соған қарамастан, денсаулығына байланысты бірқатар жобалардан бас тартуға, түсірілімдерді уақытша тоқтатуға мәжбүр болды.

Сол қиын кезеңде оны ең алдымен отбасы, балалары, жақын достары мен әріптестері қолдаған.

Өмір жолы және адамдық болмысы

Мұрат Бисенбин 1972 жылдың 11 қазанында Қызылорда қаласында дүниеге келген. Алғашқы мамандығы - ауыл шаруашылығы саласындағы инженер-механик. Өнерге кейін келгенімен, ол қазақ киносына өз ізін қалдыра білді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от DIANA-DALI (@jemappelledali)

Актер отбасылы, үш баланың әкесі еді.

Мұрат Бисенбин көрермен жадында пафоссыз, шынайы, мінезді кейіпкерлерімен, ал адам ретінде қарапайымдылығымен сақталады. Оның сомдаған образдары мен айтылған сөздері қазақ киносының бір дәуірін еске салып тұрады.

Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Жаны жәннатта, иманы жолдас болсын.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -