Алматыда заңсыз құрылысқа бақылау күшейтілді

1540
Фотосурет: Gov

Ниязбеков көшесі, 30/1 мекенжайында орналасқан ғимарат сот шешімімен сүрілді. Бұл туралы Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері айтты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұған дейін жоспардан тыс тексеру барысында нысан иесіне (жеке тұлғаға) қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, анықталған заңбұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама берілген.

Алайда нұсқама талаптары орындалмағандықтан, басқарма заңсыз салынған нысанды бұзу туралы талап арызбен Жетісу аудандық сотына жүгінді. 2024 жылы 17 желтоқсандағы сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды.

Алматы қалалық сотының 2025 жылы 20 ақпандағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

Бүгінгі таңда сот шешімін орындау аясында нысан иесі ғимаратты өз күшімен бұзды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -