Павлодарлық оқушы информатика олимпиадасында бірінші орын алды

1639
Фотосурет: Gov

Павлодарлық 7-сынып оқушысы Имран Кусановтың бастауыш сыныптан-ақ компьютерлік бағдарламалауға, математикалық есептерге қызығушылығы жоғары, деп хабарлайды DKNews.kz.

Әсіресе, информатика пәнінен ерекше алғырлық көрсетіп, алгоритмдік есептерді оңай шешеді. Биыл ол республикалық Ауыл олимпиадасында жасының кішілігіне қарамастан, 9 сынып оқушыларымен бірге сынға түсіп, нәтижесінде информатикадан 1-орын иеленді. Оның зеректігі мен есептерді шешудегі алғырлығы, ойлау қабілетінің жүйріктігі қазылар алқасын да таң қалдырып, ол олимпиаданың ең жас қатысушысы атанды. Имранның жетекшісі, информатика пәнінің мұғалімі Соян Ертайдың 18 жылдық тәжірибесі бар.

«Мен ұстазыммен күнделікті дайындаламын. Олимпиадада алгоритмдік есептер, деректермен жұмыс және бағдарламалық шешімдер әзірлеу сынды күрделі тапсырмалар беріледі. Әр кезең мен үшін қызықты болды, тапсырмалар күрделенген сайын өзімді дамытуға ұмтылдым», - дейді жас дарын Имран Кусанов.

Айта кетерлігі, Имран осы олимпиадаға 5-сыныптан бері үзбей қатысып, жоғары сыныптардың есептерін шешіп келеді. Бұған дейін де ол жеңіс тұғырынан көрініп, 2, 3 орындарды иеленген.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -