Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді шараларды іске асырады, деп хабарлайды DKNews.kz.

2025 жылы ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен 20 қылмыстық топ өкілдерінің әрекетінің жолын кесті.

Кісі өлтірді, бопсалады, есірткі мен қаруды заңсыз сақтады деген күдікпен 70-тен астам адам, соның ішінде қазақстандық және шетелдік құқық қорғау органдарымен ізделудегілер ұсталды.

Жасалған қылмыстарды тергеу барысында 30 бірлік атыс және 11 жарақат қаруы, сондай-ақ ақшалай қаражат тәркіленді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл шаралары жалғасуда.