271 млн теңге залал: агросектордағы қылмыстық схема әшкереленді

1727
Фотосурет: Максим Золотухин/DKNews.kz

Түркістан облысының прокуратурасы ауыл шаруашылығын қолдауға бөлінген бюджет қаражатын жымқырудың қылмыстық схемасын анықтап, жолын кесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

2020-2023 жылдар аралығында жосықсыз кәсіпкерлер ветеринарлық бақылау жұмысындағы олқылықтарды пайдаланып, мемлекеттік субсидияларды заңсыз алып отырғаны анықталды.

Жекелеген шаруа қожалықтары іс жүзінде үшінші тұлғаларға сатылып кеткен мал туралы «Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру» (АШЖС) ақпараттық жүйесіндегі мәліметтерді өз мақсаттарына пайдаланған.

Атап айтқанда, тек «Б» ШҚ бұрын сатылған 440 бас ірі қара мал (ІҚМ) және 5 088 бас ұсақ мал (ҰМ) туралы мәліметтерді заңсыз пайдаланып, оларға субсидия рәсімдеген.

Анықталған деректер бойынша мемлекетке келтірілген залалдың жалпы сомасы 271 млн теңгені құрады, бұл аса ірі мөлшер болып саналады.

Тергеуді арнайы прокурорлар жүргізді.

01.10.2025 ж. бес айыпталушыға қатысты айыптау үкімі шығарылды. Кінәлілерге 5 жылдан 6 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

 Бюджетке 140 млн теңге өндірілді.

Тексеру көрсеткендей, қаржыны жымқыру ветеринарлық қызмет тарапынан тиісті бақылаудың болмауы салдарынан мүмкін болған.

Сонымен қатар, прокуратура 300 млн теңгеден астам сомаға қатысты ұқсас жымқыру деректерін тергеп жатыр, іс жақын арада сотқа жолданады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -