Әкімдіктердің өкілеттігі шектелді: Тоқаев Құрылыс кодексіне қол қойды

2101
Фотосурет: Ақорда

Қазақстанның Құрылыс кодексіне Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексіне қол қойды» Ақорда

Құрылыс кодексі сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін құқықтық тұрғыдан реттеу жүйесін қалыптастыруға, адамның өмір сүруі мен тіршілігі үшін қауіпсіз ортаны қамтамасыз етуге, елді мекендерді қала құрылысы тұрғысынан жоспарлау мен дамытуға, сондай-ақ халықтың барлық санаты үшін әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған

Атап айтқанда, мынадай нормалар құзыреттен алынып тасталды:

– сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік сараптама ұйымы көрсететін жобалау саласындағы консультациялық қызметтерді көрсету тәртібі мен құнын әзірлеу және бекіту жөніндегі нормасы
– сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның республикалық маңызы бар қалалар, астана және облыстардың бас сәулетшілерін тағайындауды келісу жөніндегі нормасы
– аудан әкімдіктерінің жер учаскелерін беру құқығы

Сонымен қатар мердігердің (бас мердігердің) меншік иесімен тең дәрежеде құрылыс объектісін постутилизациялау (бұзу) туралы шешім қабылдау құқығын көздейтін норма алып тасталды, өйткені қолданыстағы заңнамаға сәйкес мердігердің мұндай шешім қабылдауға заңды негізі жоқ

Сондай-ақ сел, көшкін және қар көшкіні қаупі мен тәуекелдері карталарын қолдануға бағытталған нормалардың 2030 жылға дейін тоқтатылуын көздейтін ереже нақтыланды

Бұдан бөлек Мемлекет басшысы «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -