Жүгеріні терең өңдеу: Алматы облысында жаңа жоба іске қосылады

1650
Фотосурет: @dragana-gordic / freepik.com

Өңірде агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары жүйелі түрде жүзеге асырылуда, деп хабарлайды DKNews.kz.

2026 жылы Солтүстік Қазақстан облысының табысты тәжірибесін тарату бағдарламасы аясында өңірге республикалық бюджеттен қомақты қаржы бөлінді.

Қаржыландырудың жалпы көлемі 4 млрд теңгені құрайды.

Оның 2,5 млрд теңгесі агроөнеркәсіптік компания — «АзияАгроФуд» акционерлік қоғамына жүгеріні терең өңдеу жобасын іске асыруға және заманауи жабдықтар сатып алуға бағытталды. Жобаны іске асыру ағымдағы жылға жоспарланған. Ол өңірде өңдеу саласын дамытуға, қосылған құны жоғары өнім өндіруді жолға қоюға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, су ресурстарын ұтымды пайдалану мақсатында ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорны — «Alfalfa» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне су үнемдеу технологияларын енгізу үшін 1,5 млрд теңге бөлінді. Аталған жоба да биыл қолға алынады. Бұл шаралар өсімдік шаруашылығының тиімділігін арттыруға және су тапшылығының алдын алуға бағытталған.

Сарапшылардың пікірінше, мемлекеттік қолдаудың кешенді шаралары Алматы облысында ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемін арттырып қана қоймай, саланың орнықты дамуын қамтамасыз етуге, инвестициялық тартымдылықты күшейтуге және ауылдық аумақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал етеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -