ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Тарихтан тағылым» атты иллюстративті кітап көрмесі ашылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шарада еліміз бойынша және ЮНЕСКО көлемінде мерейтойлары аталып өтетін тарихи тұлғалар мен ақын-жазушылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері туралы деректер таныстырылды. Көрмеге архив шежірелері, құжаттар, фотосуреттер, ғылыми еңбектер, кітаптар мен құнды мұралардан тұратын 500-ден аса еңбек қойылды.

Көрмені кітапхана оқырмандары жыл бойы тамашалай алады.