Қауіпті ауа райы: 10–11 қаңтарда Алматы мен тағы 13 өңірде ескерту жарияланды

2871
Фотосурет: Oleksandr Ryzhkov/freepik.com

«Қазгидромет» РМК синоптиктері ел өңірлерінде ауа райының күрт нашарлайтынын хабарлады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Еліміздің батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ күтіледі. Қазақстанның қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы болжануда.

Сондай-ақ республика бойынша тұман түсіп, желдің күшеюі күтіледі. 

14 облыста дауылды ескерту жарияланды:

Алматы қ.: 10-11 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі.

10 қаңтарда түнде және таңертең Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с.

10-11 қаңтарда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі.

Шымкент қ.: 10 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі.

10 қаңтарда түнде Батыс Қазақстан облысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

10 қаңтарда Маңғыстау облысының батысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

10 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында 15-20 м/с.

10 қаңтарда Абай облысының солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, Жарма ауданында екпіні 25 м/с.

10-11 қаңтарда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, 10 қаңтарда облыстың таулы аудандарында, 11 қаңтарда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

10 қаңтарда Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с.

10 қаңтарда Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

10 қаңтарда Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында екпіні 15-18 м/с.

10 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

10 қаңтарда күндіз Қызылорда облысының батысында, орталығында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

10 қаңтарда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

10 қаңтарда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман күтіледі.

10 қаңтарда Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

10 қаңтарда Павлодар облысының солтүстігінде,  шығысында тұман күтіледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -