2025 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің ақылы автомобиль жолдарында 74 млн-ға жуық сапар тіркелді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Қазіргі уақытта ел аумағында жалпы ұзындығы 4 883 шақырымды құрайтын 26 ақылы учаске жұмыс істейді. Аталған желінің құрамында I техникалық санаттағы 12 учаске (2 231 шақырым) және II-III техникалық санаттардағы 14 учаске (2 652 шақырым) бар.
Жол қозғалысының құрылымы көлік ағынының ірі агломерациялар маңына және негізгі транзиттік бағыттарға шоғырланғанын көрсетеді. Ең жоғары жүктемесі бар алғашқы бес учаске барлық сапардың 51 пайызын, ал алғашқы он учаске шамамен 73 пайызын қамтамасыз еткен. Сапарлар саны бойынша ең жоғары көрсеткіш Алматы-Қонаев бағытына (11,8 млн) және Шымкент торабының оңтүстік бағыттарына, соның ішінде Өзбекстан Республикасының мемлекеттік шекарасына шығатын учаскеге (9,3 млн) тиесілі.
Төменде 2025 жылғы сапар саны бойынша кему ретімен берілген ақылы учаскелер тізімі ұсынылады.
Ақылы учаскелердің рейтінгі (2025)
- Алматы-Қонаев - 11,8 млн
- Шымкент-Өзбекстан шекарасы - 9,3 млн
- Шымкент-Тараз - 6,5 млн
- Тараз-Қайнар - 5,4 млн
- Шымкент-Қызылорда - 4,8 млн
- Астана-Теміртау - 4,4 млн
- Қонаев-Талдықорған - 3,9 млн
- Астана-Щучинск - 3,7 млн
- Щучинск-Көкшетау - 3,2 млн
- Астана-Павлодар - 2,5 млн
- Алматы-Қорғас - 2,5 млн
- Қостанай-Денисовка - 1,9 млн
- Тараз қаласының айналма жолы (Қайнар-Шымкент) - 1,9 млн
- Қызылорда-Арал - 1,8 млн
- Көкшетау-Петропавл - 1,7 млн
- Балқаш-Бурылбайтал - 1,4 млн
- Павлодар-Семей-Қалбатау - 1,3 млн
- Ақтөбе-Ресей Федерациясының шекарасы (Орынборға) - 1,3 млн
- Павлодар-Ресей Федерациясының шекарасы (Омбыға) - 856 мың
- Қостанай-Ресей Федерациясының шекарасы (Троицкке) - 831 мың
- Орал-Ресей Федерациясының шекарасы (Самараға) - 774 мың
- Шу-Бұрылбайтал - 707 мың
- Қандыағаш-Мақат - 583 мың
- Орал-Ресей Федерациясының шекарасы (Саратовқа) - 570 мың
- Бейнеу-Ақжігіт (Өзбекстан шекарасы) - 163 мың
- Үшарал-Достық - 101 мың